$ 443.85  474.3  4.8

Арқалықта көпқабатты үйде болған өрттен кішкентай екі бала қайтыс болды

8 қазан күні Арқалықтағы бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 4 және 5 жастағы кішкентай екі бала қайтыс болды. ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, балалар ата-ана қарауынсыз қалған.

Өртті сөндірген мамандар тілсіз жаудың неден шыққанын да анықтап үлгерген. Белгілі болғандай, электр шәйнегінің сымы тоққа тығылып қалып қойған екен. Қатты қызған спираль өзге тұрмыстық техникаларды балқытып, өрттің тұтануына себеп болған. Алайда, балалардың ажал құшуына өрт емес, ата-ана салғырттығы кінәлі екенін айтып отыр.

"Ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауын, қауіпсіздік шараларын ұмытпауын еске салғымыз келеді", - дейді Р.Иманқұлов.

Айта кетейік, тілсіз жау үлкен жерді шарпымаған. Дегенмен, 2 шаршы метр аумақтың өртенуі екі баланың өмірін қиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары