$ 448.15  483.46  4.86

«Лесби қыздардың бары рас»: Қазақстан бокс федерациясы Сатыбалдинованың мәлімдемесіне жауап берді

Олардың барлығын дәстүрлі емес сексуалдық бағытты ұстанады деп айыптай берсек не болады?

Аида Сатыбалдинованың “боксшы қыздар дұрыс емес сексуалды қарым-қатынасты ұстанады” деген мәлімдесіне Қазақстан бокс федерациясы жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы Аян Төлегеннің айтуынша, басшылық ауысқаннан бері мұндай сұрақпен ешкім хабарласпаған.

“Аида Сатыбалдинованың мәлімдемесіне орай, құрамада дәстүрлі емес сексуалдық бағыттағы қыздардың бары рас. Біріншіден, федерация басшылығы өзгергеннен кейін соңғы жылдары ешкім мұндай сауал жолдаған емес. Жаттықтырушылар да, спортшылар да шағым айтпады. Екіншіден, біз үшін бұл жыл ауыр болды. Алда ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары болады. Қазақстан чемпионаттары бар”, – дейді Аян Төлеген.

Сондықтан федерация өкілі ұлттық құрамадағы жағдайдан хабары аз спортшыға жауап беруге уақыттары жоқ екенін мәлімдеді. 

“Шынымен де, қазір адамдардың пікіріне жауап беріп отыратын уақыт жоқ. Оның үстіне Қазақстан құрамасында не болып жатқанын білмейтіндер де бар. Спортшылар мен жаттықтырушылардан шағымдар болған жоқ. Біз не айта аламыз? Жауап беріп отыруға уақыт жоқ. Одан ары жұмысымызды жалғастыра береміз. Сатыбалдина қазір кәсіпқой бокста жүр. Сондықтан ол ұлттық құраманың ішіндегі жағдайлардан хабары аз”, – дейді ол. 

Аян Төлеген мұндай мәселелерге емес, боксшылардың спорттық нәтижелеріне назар аударуды сұрады.

“Әйтпесе, барлық спорт түрінде әйелдер командасы бар. Олардың барлығын дәстүрлі емес сексуалдық бағытты ұстанады деп айыптай берсек не болады?”, – дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін боксшы Аида Сатыбалдинова ұлттық құрама сапындағы боксшы қыздар дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасты ұстанады. Ал бапкерлер бұл әрекетті біле тұра ешқандай шара қолданбайтын айтып, шағымданған болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#спорт #бокс