$ 498.34  519.72  4.85

Лисаковскте жоғалып кеткен 2 баланың анасы өлі табылды

26 қыркүйек күні із-түссіз жоғалып кеткен Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапованың мәйіті табылды деп жазады "Алау" порталы.

Екі баланың анасының көз жұмғанын ең алғаш болып қоғам белсендісі Дарья Скворцова хабарлаған. Ол жоғалған әйелді іздеуге еріктілер тобымен бірге атсалысқан болатын.

"Надежданы іздеуге көмектескен барлық жандарға: ерікті азаматтарға, әлеуметтік желідегі топ админдеріне және атсалысқан барлық адамдарға рахметімді айтқым келеді. Біз сіздерге разымыз. Отбасыларыңызға амандық және бақыт тілейміз. Надежда саяжайдан табылды, өкінішке қарай, ол қайтыс болып кеткен", - деді Скворцова ВКонтакте әлеуметтік желісінде.

Естеріңізге салайық, Надежда Потапова биыл 26 қыркүйек күні жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет оны кешкі 20:30 шамасында танысы "Бахыт" жанармай бекетінің жанында тастап кеткен. Ол көзі тірісінде интернатта педагог болып жұмыс істеп, қосымша кәсіпкерлікпен де айналысыпты.

Лисаковск прокуроры Еркін Тайкешовтың айтуынша, қазіргі таңда бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кеткен. Ол сондай-ақ, Надежданың жоғалуында қылмыстық құрамның бар екенін де айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары