$ 449.58  486.94  4.86

Жамбылда 7 жасар баланы зорлап өлтірген азғын 22 жылға сотталды

Жамбылда жеті жастағы баланы азаптап өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты. Туған інісінің өгей баласын зорлап, кейін ағашқа асып кеткен азамат 22 жылға сотталды деп жазады 31.kz. Алайда үкімге қос тарап та келіспей отыр. Жәбірленуші жақ Серік Байтақовқа өлім жазасы лайық десе, істі болған жігіттің жақындары оның кінәсі дәлел таппады дейді.

Ойын баласына ойына келгенін істеген Серікке қатысты сот процесі екі айға созылды. Сот жабық есік жағдайында өтті. Әу баста-ақ күдікті ретінде ұсталған ол, кінәсі анықталмай үйіне жіберілген еді. Тек төрт айдан соң іс қайта қозғалып, қолына кісен салынған болатын. Қаза тапқан оқушының жақындары Серіктің жүйке - жүйесінде ауытқуы бар дегенді естіп, жазадан жалтара ма деп алаңдағандары рас. Алайда сот 38 жастағы азамат бес жыл бұрын психдиспансерде жатып, бүгінде ауруынан құлан - таза айыққан деп тапты. Қатаң тәртіптегі колонияға үкім кесілгенмен, сотталушы сот шешімімен келіспей отыр.

Істі болған азаматтың анасы ұлым жақтым жала, жаптым күйенің құрбанына айналды,- дейді. Өйткені бақилық болған Ерасыл Қабыланбектің зорланғаны расталғанмен, бірнеше сараптамада Серіктің қатысы дәлел таппапты.

ЗӘУРЕ БАЙТАҚОВА, С.Байтақовтың анасы:

- Соттың үкімімен ешқандай келіспеймін. Өйткені титтей де жазығы жоқ. 22 жыл түгіл, екі ай отыратын жазығы жоқ баланың. Сараптаманың бәрі баламның жазықсыз екенін дәлелдеп отыр. Ол өлтірмек, аспақ түгілі, қолын да тигізбеген.

Еске салсақ, жаға ұстатар жағдай жыл басында Каменка ауылында болған. Асқан айуандықпен зорланған ойын баласы осы ағашта талда асылған күйі табылған. Ақтығынан айрылған апасы сот тым жеңіл жаза тағайындады деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары