$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте жалға берілетін пәтерлердің бірінен жас қыздың мәйіті табылды

Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты.

Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik.kz порталы. 

Өңірлік "Отырар" порталының хабарлауынша, қыздың денесін 25 қараша түнгі сағат 01.30-да тапқан. Марқұм шамамен 20-25 жаста.

Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды.

Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен байланысқа шыққан, ол марқұмның даусынан ерекше ештеңе байқамағанын айтады.

Алайда үшінші күні телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қақты. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның денесі пәтер ішінде шамамен бір күн жатқанын айтты.

Түні бойы оқиға орнында жедел уәкілдер жұмыс істеді. Күдіктілер мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Полиция кісі өліміне қатысты басқа ақпарат таратпады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары