$ 489.06  536.21  5.05

Елімізде орташа айлық жалақы мөлшері 125 мың теңгеге жуық

Қазақстанда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі қызметкерлерінде, деп хабарлайды «Қазақпарат».

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылғы маусымдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124780 теңгені құрады.

Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2013 жылғы маусымға 113,5 пайызды, ал нақты жалақы индексі 106 пайызды құрап отыр.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында болып, ол 243,3 мың теңгені құраған, бұл орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге артық. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтегі жалақы - 224,0 мың теңге (1,8 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 201,4 мың теңге (1,6 есе) белгіленген.

Сонымен бір мезгілде, ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленіп, ол 69,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,5 пайызға төмен.

«Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленіп, бұл 222,4 мың теңгеге жетті және бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 1,8 есеге асады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 85,8 мың теңгені құрап, ел бойынша орташа деңгейден 31,2 пайызға төмен болып отыр», делінген баспасөз баянында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары