$ 444.22  476.38  4.82

Алматыдағы кинотеатрдан шыққан өрт салдарынан бір адам көз жұмды (ВИДЕО)

Алматыдағы 6 қабатты Cinema Towers ғимаратында шыққан өрттен бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жедел шақыртуға ТЖД күштері мен құралдары 18.04-те шыққан. Бірінші өрт сөндірушілер оқиға орнына 18.11-де жетті. "Өртсөндірушілер оқиға орнына келгенде "Алматы Тауэрс" бизнес орталығына қосарлана соғылған алты қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқан. Өрт 25 қабатты биік ғимараттарға көшеді деген қауіп болған", - деді Баймұхамбетова.

Өрт шығу алдында ғимараттың шатырында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жұмысшылардың бірі оқиға орнында 1962 жылғы жұмысшы қаза тапқан.

Өртті сөндіру кезінде 80 адам эвакуацияланған. Өрт 20.07-де таралымы тоқтатылып, ал 20.36-да толықтай сөндірілген. Өрт шалған аумақ - 1800 шаршы метр. Өртті сөндіруге Ұлттық Ұланның 50 қызметкері, Алматы ІІД-нің 65 қызметкері жұмылды, 30 дана техника тартылды. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары