$ 498.34  519.72  4.85

Тоқтар Төлешовтің ұлына да бүгін сот үкімі шығады

Бүгін сағат 16:00-де шымкенттік кәсіпкер, билікті басып алып, вице-президент болғысы келген олигарх Тоқтар Төлешовке сот үкімі шығады. Айыптаушы тарап оның қылмысын дәлелдегенін бұған дейін хабарлаған болатын.

Төлешовтің ісі бойынша ондаған адамның сотталып жатқаны белгілі. Олардың қатарында кәсіпкердің ұлы Төлеген Төлешов те бар. Сондай-ақ, генерал Хибратулла Досқалиев пен Бас прокурордың экс-орынбасары Ілияс Бақтыбаевты та осы ұзын-сонар тізімнен көруге болады.

Оларға ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылуда. Сотталушылардың толық тізімін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың сайтынан көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары