Астанадағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айырды. Оның аса ауыр қылмыс жасағаны тергеу барысында дәлелденген.
Сот шымкенттік олигархты қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны, адамдарға зәбір көрсеткені, өзгенін мүлкін қасақана көзін жойғаны, кісі ұрлағаны, қарақшылықпен айналысқаны, кісі өлтіргені, билікті басып алуға үндегені, конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болғаны, экстремистік топ құрып, оны басқарғаны, трансұлтық қоғамдастық құрып, оны басқарғаны, қылмыстық топты қаржыландырғаны, қаржыландыру жолдарын жасағаны, қару-жарақты заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны, есірткі заттарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін айыпты деп тауып отыр.