Almaty Towers кешенінде орын алған ірі өрттің салдарынан қайтыс болғандардың кім екенін полиция анықтады. Қазір осынау оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде деп жазады Informburo.kz.
"Алматы полициясы 6 қараша күні кешкі жетілер шамасында Бостандық ауданындағы бизнес-орталықта орын алған өрттің салдарынан қайтыс болған тұлғалардың кім екенін анықтады", - делінген Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, марқұмдардң денелері оқиғаның ертесіне сағат 11:00 шамасында табылған. Бұл уақытта өрт салдарын жою жұмыстары жүріп жатқан болатын.
"Олар 1994, 1995 және 1996 жылы туған жас жігіттер, бәрі де Алматыдағы ЖОО-ларда студент болған", - дейді полицейлер.