$ 449.3  489.69  4.89

Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңажылдық мерекеде қалай жұмыс істейді?

ХҚО Telegram боты арқылы онлайн режимінде қолжетімді
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады, деп KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорация өкілдері қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы орталықтар қаңтардың 1-і мен 4-і, сондай-ақ 7-сі күні жұмыс істемейтінін ескертті. 5 және 6 қаңтарда ХҚКО штаттық режимде жұмыс істейді: сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, деп қосты баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, корпорация мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы ресми портал, қосымша немесе Telegram боты арқылы онлайн режимінде қолжетімді екені атап өтті.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары