Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы мәйітханалардан 41 мәйіт ұрланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Сол күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалып, соның барысында белгісіз біреулер қаза болған 41 адамның денесін ұрлап кеткен", - деді Таймерденов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.