Елорданың сауда нүктелерінде көкөніс өнімдерінің кейбір түрлері арзандаған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазагромаркетинг» АҚ жүргізген баға мониторингісіне сәйкес, еліміздің оңтүстік аймақтарында жаппай картоп сорттарының жиналуына байланысты оның бағасы 28%-ға және қызынақтың бағасы 23,6%-ға, қиярдың 21,5%-ға арзандаған. Сондай-ақ, отандық өндірушілер нарықты ерте піскен орамжапырақпен толтыруда. Нәтежесінде оның алып-сатар бағасы 47%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, қалада тәтті бұрыштың көптеп сатылуына байланысты, өнім 10%-ға арзандаған. Жұмыртқа мен сиыр етінің бағалары да 4%-ға дейін төмендеген.