$ 498.34  519.72  4.85

Бурабайда аудан әкімі мен орынбасары мейрамханада төбелес шығарған

Бурабайдағы мейрамханалардың біріне демалуға келген шенеуніктер төбелес шығарды деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

Портал тілшілерінің хабарлауынша, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі мен оның орынбасарының арасында ерегіс пайда болып, арты төбелеске айналған. Шенеуніктердің бұл сәтте спирттік ішімдік ішкен-ішпегені айтылмайды. Қазір аудандық ішкі істер басқармасы "бұзақы" әкім мен оның орынбасарын тергеп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, аталған оқиға өткен аптаның жексенбісінде Бурабайдағы "Шаңырақ" мейрамханасының қонағы болған. Олардың неге ерегіскендері белгісіз. Төбелес ауқымының кең болғаны сонша, екеуі мейрамханадағы ыдыстар мен жиһаздарды қиратып, 500 мың теңгедей залал келтірген. Қазіргі таңда бұл іспен аудандық полицейлер айналысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары