$ 498.34  519.72  4.85

Астанада менингитпен ауыратындар саны 80 адамға жетті — Ж. Бекшин

2014 жылғы маусым-шілде айларында Астана қаласында менингиттің 160 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұтынушылар құқығын қорғау агеттігі төрағасының орынбасары — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, қазір энтеревирустық инфекциялармен сырқаттанушылық жағдайы көбейіп тұр.

— 2013 жылы республика бойынша 900 адам дәрігерлерге жүгініп, 264 адамда диагноз зертханалық жағдайда расталған. Сырқаттанушылық Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарынан басқа барлық өңірлерде тіркелген. Ал биыл 552 адам дәрігерге қаралып, олардың 154-інің диагнозы зертханада расталған. Ауру еліміздің 8 өңірінде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында) тіркелді, — деп атап өтті Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, биылғы маусым-шілде айларында Астана қаласында зертханалық расталған энтеровирустық берішті менингиттің 80 жағдайы, Қарағанды облысында 49 жағдайы тіркелген.

— Агенттіктің аумақтық департаменттері энтеровирустық инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыс жүргізуде, — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары