2014 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы шілдемен салыстырғанда 7 пайызға өсті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2014 жылғы шілдеде 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 17,6%, сүт өнімдеріне - 10,5%, ұнға - 9,6%, балық және теңіз өнімдеріне - 8,8%, кофе, шай және какаоға - 8,7% өскен. Сонымен қатар, баға алкогольді ішімдіктерге - 8,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 7,9%-ға, макарон өнімдеріне - 7,8%ға, жемістер мен көкөністерге, кондитерлік өнімдерге - 6,4%-ға, нанға - 5,7%-ға, май және тоң майға - 1%-ға көтерілді. Сонымен бір мезгілде, жармаларға 3,7%-ға бағаның төмендеуі байқалды.
«Бұдан бөлек, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 9%, құс етіне - 3,8%, жылқы, шошқа етіне - 3,7%, сиыр етіне - 0,6%, қой етіне - 0,3% жоғары болды», делінген хабарламада.