2008 жылдан бері Қазақстанда 12 адам жынысын ауыстыру операциясын жасатқан. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.
"Ақпараттық жүйенің мәліметіне сәйкес, жынысын ауыстырған 12 азамат құжаттағы тегін алмастырған. Олардың бесеуі ер адам болса, қалған жетеуі әйелдер", - делінген министрліктің тілшілерге берген жауабында.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 2011 жылдан бері біздің елдің заңы бойынша, жынысын ауыстырған адам аты-жөнін және тегін ауыстырады.
Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан түрмелерінің біріне жынысын әйелге ауыстырған ер азамат қамалуы мүмкін. Ол жынысын ауыстырғанымен құжаттарын алмастырып үлгермепті.