Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағамбетов пара бергені үшін жазалануы мүмкін. Бұған дейін ол алаяқтық ісі бойынша жәбірленушілердің қатарында болатын.
Шенеунік үлкен қызын Назарбаев университетіне, кішісін Назарбаев мектебіне жұмысқа тұрғызбақ болған. Ол үшін таныс әйеліне 20 мың доллар пара беріпті. Соңында ақшаны алған әйел уәдесінде тұрмай, ақшаны да қайтармай ізін суытыпты. Полицияға арыз жазған А.Ермағамбетов алаяқтың құрбаны ретінде жәбірденуші болып шыға келген. Алайда, бүгін облыстық прокуратурада алқалы жиын өткізген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев оның жазалануын талап етті.
"Заң бойынша тек пара алған емес, пара берген адам да жазаланады. Ол болса мемлекеттік қызметкер. Тағы пара бергенін "мақтанышпен" бүкіл елге айтып отыр. Егер балаңның білімі болмаса әрине, жұртқа пара бересің. Бұл істі тәртіптік комиссияның күн тәртібіне шығарып, оны жазалу керек. Ал, әрі қарай құзырлы органдардың өздері айналыса жатар", - деді Б.Сапарбаев.