Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинованы зорлады деп айыпталған 4 жігітке қатысты сот үкімі шықты деп жазады Informburo.kz.
Судья Ерлан Баймулдинов Асхат Бектұрсынды 10 жылға бас бостандығынан айырса, ағайынды Алмас пен Ербол Ермековтер тиісінше 9,5 және 7,5 жылға сотталып отыр. Сондай-ақ, зорлау қылмысына қатысы бар Елтай Нұрбол да алдағы 9 жылын түрмеде өткізеді.
Сотталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айыпты деп танылған. Атап айтқанда: "Зорлау", "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адамды ұрлау" және "Бұзақылық".
Ербол Ермеков пен Нұрбол Елтайға тағылған "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы дәлелденбеді.
Айыптылардың туыстары болса сот үкіміне келіспейтіндерін айтып отыр. Олардың пікірінше, жігіттер қызды зорламаған, тек үйіне апарып тастамақ болыпты. Дегенмен, Жібек Мусинованың өзі басқа пікірде. Оның айтуынша, 4 жігіт оны көлікке отырғызып, зорлық әрекеттерін жасаған.
Естеріңізге салайық, оқиға 20 тамыз күні орын алған болатын.