$ 498.34  519.72  4.85

«Жерді сатпа» деп ұрандатқан Макс Боқаев пен Талғат Аян 5 жылға сотталды

Жер реформасына қарсы өткен Атыраудағы митингіге қатысқаннан кейін қылмыстық баптар бойынша айыпталған азаматтық белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға үкім шықты. Белсенділердің әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды деп жазады Азаттық.

2016 жылы қарашаның 28-і күні Атырауда судья Гүлнәр Дәулешова азаматтық белсенді Макс Боқаев пен Талғат Аянға үкім шығарды.

Сот белсенділерді «араздық қоздырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу тәрбітін бұзды» деп танып, әрқайсысын бес жылға бас бостандықтарынан айырды. Үкімде олардың үш жылға дейін қоғамдық жұмыспен айналысуына тыйым салынғаны да көрсетілген.

Үкімде Боқаев пен Аянға 250 айлық есептік көрсеткіш, яғни 530 мың теңге айыппұл салынатыны айтылған. Одан бөлек сот және сараптама шығыны ретінде үлестік тәртіппен белсенділерден 259 мың теңге қаражат өндірілетін болды.

Естеріңізге салайық, биыл көктемде еліміздің батыс облыстарында Жер реформасына қарсы бірнеше митингтер өткен еді. Алаңға жиналған жұрт биліктен ауылшаруашылық жерлерінің шетелдіктерге сатпауын талап еткен. Кейін Мемлекет басшысы арнайы комиссия құрып, аталған реформаға мораторий жариялады.

Ал, құқық қорғау органдары болса аталған митингтердің алдын ала ұйымдастырылғанын айтып, оған кінәлі деп шымкенттік олигарх Тоқтар Төлешовты тауып, оны ұзақ мерзімге соттап жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары