$ 449.3  489.69  4.89

Ақтөбеде ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйып жіберген

Ең сорақысы ол әйелінің медициналық көмекке жүгінуіне рұқсат етпеген.

Алдына әкеліп қойған тамағын ұнатпаған ер адам әйелін қайнаған суға күйдіріп тастады. Жаға ұстатарлық оқиға Ақтөбе қаласында мейрам күні қарсаңында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ашуға булыққан күйеуі дастарханды төңкере салған. Сол кезде шай құйып беріп отырған әйелінің үстіне қайнаған су төгіліп, денесінің 50 пайызын күйік шалған. Ауыр дәрежеде күйік шалған әйелдің жантүршігерлік суреті әлеуметтік желіде таралып, талқыланып жатыр.

 Ең сорақысы ер адам әйелінің медициналық көмекке жүгінуіне рұқсат етпеген. Зардап шеккен әйел жедел-жәрдемді екі тәуліктен соң күйеуі жұмысқа кеткенде ғана шақырған. Қазір екінші дәрежелі күйікпен Ақтөбе облыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оқиға жіті тексерілуде. Жұбайлардың арасында алты бала бар.  

"Осыдан кейін ол еркек пе?, "Соттау керек ондайларды", "Қандай жауыз? Өзін де солай күйдіру керек!", "Қолың сынсын!",- деп желі қолданушылары өз наразылықтарын білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары