$ 449.3  489.69  4.89

Алматыда екі жас қыз есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

23 және 19 жастағы қыздар Түркістан және Алматы облысынан келген.

Алматыда синтетикалық есірткі дайындап, таратқандар ұсталды, – деп хабарлайды polisia.kz.

Есірткі дайындайтын шағын цех Қалқаман ықшамауданындағы үйдің жертөлесінде орналасқаны анықталды. Үйді былтыр қазан айында жас жігіт ай сайын 300 мың теңгеге жалға алған.

«Тінту кезінде ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, сұйықтықтары бар колбалар, электронды таразылар және мефедрон өндіретін басқа да заттар тәркіленді. Есірткі шығаруға 23 жастағы О. есімді ер адам жауапты болған. Ол әлі медициналық оқу орнын бітірмеген. Зертханадан түрлі түсті есірткі дайындайтын кептірілген заттар тәркіленді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция есірткі бизнесіне тағы бес адамның қатысы барын анықтады. 23 және 19 жастағы қыздар Түркістан және Алматы облысынан келген. Олар дайын есірткіге бетбелгі қойған.

Олар жалпы, бір аптада 2-3 келіге жуық синтетикалық есірткі дайындаған, жұмысы үшін биткоинмен апта сайын 280 мың теңге көлемінде қаражат алып отырған.

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар жалпы салмағы 4 келіден асатын А-PVP синтетикалық есірткісі, мефедрон – 312 грамм және 15 литр тулуол (прекурсор). Шикізат бағасы – 150 млн теңге. Күдіктілер қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары