Қазақстандағы АИТВ жұқтырған науқастардың басым көпшілігі әлі 40-қа толмаған азаматтар. Әйтсе де, дауасы жоқ дерттің алдын алу үшін отандық мамандар барын салып жатыр деп жазады Хабар-24.
Осыған орай, бүгін елордада «Адамның иммундық тапшылық вирусын болдырмауды қолдаймын» атты ауқымды шара өтті. Мамандар ірі ойын-сауық орталығының бірінде қала тұрғындарына ақыл-кеңес беріп, жедел тестіден өтуге мүмкіндік сыйлады. Сондай-ақ «АИТВ-ның алдын алуды қолдаймын» хештегімен түрлі әлеуметтік желілерде түсіндірме жүмыстары жүргізілді. «Тұрғындарды дерттің алдын алуға қарсы ақпараттық сауаттандыру жұмыстары жыл бойы жүргізіледі», - дейді ұйымдастырушылар.
Салтанат Мусина, Астана қаласы «ЖИТС орталығы» бас дәрігерінің орынбасары
- Алдын алудың бірнеше бағыттары бар. Осал топтармен жұмыс істейміз. Дені сау топтармен бөлек жұмыс істейміз. Бұл кешенді жұмыс. Әр нәтиже біз үшін жетітік.