$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да зейнеткер әйел зорламақ болған қауіпті қылмыскерді ұстап берді

Оңтүстік Қазақстан облысында әйелді тонап, артынша зорламақ болған қауіпті қылмыскерді ұстап берген зейнеткер Әшірәлі Абдыханов ішкі істер органдары тарапынан марапатталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға кешегі қараша айында Сайрам ауданындағы Ақсукент елдімекенінде орын алған екен. 34 жастағы әйелге белгісіз біреу қарақшылық шабуыл жасап, оның ақшасымен бірге сөмкесін де тартып алған. Мұнысымен қоймай ол жәбірленушіні зорламақ болған екен. Әйелдің көмекке шақырған жанайқайын естіген 64 жастағы зейнеткер дереу оқиға орнына жетіп келіп, қарақшыны полицейлер келгенше жалғыз өзі тыпыр еткізбей ұстап отырыпты.

Кейінірек анықталғандай, 1974 жылғы күдікті бұған дейін осы тектес қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған екен. Дәл сол қылмыс болатын күні ол ауылдың 1988 жылғы тұрғынын да тонағаны анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК екі бабымен, 191-бабы «Тонау» және 24-120 «Зорлауға оқталу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қауіпті қылмыскерді құрықтауға көмектесіп, ерлік танытқаны үшін Әшірәлі Абдыхановты Сайрам АІІБ-нің басшылығы салтанатты түрде алғысхатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары