$ 494.87  520.65  4.91

Жақып Асанов өзін өртеген әйелдің арызын жеке бақылауына алды

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов кеше прокуратура ғимаратында өзін өртеп жіберген әйелге қатысты пікірін білдірді деп жазады Informburo.kz.

Бас прокурордың айтуынша, ол болған жайттың мән-жайын анықтауға өзі кірісіп кеткен.

"Бұл кездейсоқтық емес. Адамдар мұндай қадамдарға бекер бармайды, жергілікті орындарда оның жанайқайын ешкім естімеген. Қазір әйелдің сауығып кетуін күтіп отырмыз, ісін қайта қарап көреміз, көмектесуге тырысамыз. Мен бұл іспен өзім айналысамын, әйелдің жанайқайына құлақ аспағандармен де айналысамын. Бірақ, алдын ала айтарым, әйелдің бұл әрекеті заңға қайшы. Қалай болғанда да сот үкімі шығып қойған", - деді Жақып Асанов Мәжілістегі пленарлық отырыс кезінде.

Оның айтуынша, Бас прокуратура қазір тұрғындардан келіп түскен 2,5 миллион шағымды қарап жатыр екен.

"Біз қазір бұл шағымдарға батып қалдық. Түбегейлі өзгерістер қажет, тұрғындар билік тарапынан қолдаудың барын сезіну керек", - деді Бас прокурор журналистерге берген сұхбатында.

Естеріңізге салайық, кеше түскі уақытта Астанадағы Бас прокуратураның ғимаратына келген Жамбыл облысының тұрғыны өзін өртеп жіберген болатын. Денесінің басым бөлігін күйік шалған әйел қазір аса ауыр халде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ол осылайша өзінің сотталған баласының жазықсыз екенін дәлелдемек болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары