Оқиға биыл 3 желтоқсан күні кешкі жетілер шамасында орын алған. Шымкенттегі Қапал батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінен өтіп бара жатқан зейнеткер әйелді көлік қағып, жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытыпты. Арада бір аптаға жуық уақыт өткеннен кейін полицейлер күдіктіні қолға түсіріп отыр.
Жол апатынан кейін 61 жастағы әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ұсталған азамат 1990 жылы туған жергілікті тұрғын екен. Ол жәбірленушіні көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін мойындады. Оның "ВАЗ" автокөлігі айып тұрағына, өзін уақытша қамау абақтысына жапты.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: "Жол жүру ережесін бұзу" және "Жол-көлік оқиғас болған орынды тастап кету" бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.