$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте антитеррористік жаттығуларға байланысты бірқатар көшелер жаблады

Бүгін 9 желтоқсан күні Шымкент қаласында антитерористік оқу-жаттығу жиындарының өтуіне байланысты қаладағы бірқатар көшелер жабылады. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Атап айтқанда, сағат 12:00-ден 14:00-ге дейінгі аралықта мына көшелерде қозғалыс шектеледі:

Адырбеков – Рысқұлов – Қазыбек би – Рашидов – Жангелдин – Қалдаяқов – Республика даңғылы – Алматы-Ташкент-Термез тас жолы – Ахун-бабаев, Темірлан тас жолы – Желтоқсан – Қонаев даңғылы – Рысқұлов – Адырбеков көшелері.

Оңтүстік Қазақстан облстық Ішкі істер департаменті қала тұрғындарынан қауіпсіздік мақсатында жүргізіліп жатқан осынау іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары