$ 498.34  519.72  4.85

Индонезиядағы қазақстандық туристердің назарына!

2016 жылдың 7 желтоқсаны күні Индонезияда жер сілкінісі болды. Еуропалық-жерортатеңіздік сейсмология орталығының мәліметтері бойынша, зілзала кіндігі Индонезияның Суматра аралы жағалауының солтүстігінде орналасқан Банда-Ачех қаласынан шығысқа қарай 92 шақырым жерде болған.

Әлемдік БАҚ-тың хабарлауынша, Индонезия жағалауында болған жер сілкінісінен қаза болғандардың саны соңғы мәліметтер бойынша 54 адамға жеткен.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті Индонезия территориясындағы Қазақстан азаматтарына болған оқиғаға дүрлікпей, жергілікті биліктің нұсқауын сақтауға шақырады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті Индонезияға сапарлар ұйымдастыратын туроператорларды бұл елдегі сейсмологиялық жағдайларды бақылап, болатын қауіп жөнінде туристерді жедел түрде ақпараттандыруға шақырады.

 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен тұрақты байланыс орнатып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары