$ 498.34  519.72  4.85

Қостанайдың орталығы қоршауға алынды

Қостанай қаласының орталығын қауіпсіздік күштерінің өкілдері қоршауға алды деп хабарлайды "Алау.кз". Орталықтағы Гоголь көшесін жапқан күштік құрылым өкілдері жаяу жүргіншілерді де, автокөліктерді де өткізбей жатыр дейді куәгерлер.

Оқиға орнына полицейлер, арнайы жасақ қызметкерлері, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі тез арада жетіп, маңайды дереу қоршауға алған. Тұрғындар болған жайтты түсіне алмай әлек.

Нақтысын айтқанда, Қазақ-француз орталығының ғимараты мен "Black in White" мейрамханасының алды қоршауға алынған. Кей деректерге сенсек, белгісіз біреу осы маңда жарылғыш заттың жасырылғанын айтып, құқық қорғаушыларға телефон соққан. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанасқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары