$ 494.87  520.65  4.91

Сабақ уақытында оқушыларға жұма намазға баруға бола ма – министр жауабы

Біз зайырлы мемлекетпіз, оқу орындары да зайырлы.

Сабақ уақытында мұғалімдер оқушыларды мешітке жібере ала ма? Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматы тұрғындарымен кездесуінде осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егер ата-анасы мұғалімге ескертіп қойса, сабақ уақытында оқушыны жұма намазға жібере ала ма? Қыз балалардың хиджаб орнына кимешек немесе капюшоны бар киім киюне рұқсат па? Алматы тұрғыны министрге осындай сұрақтар қойды.

«Біз зайырлы мемлекетпіз, оқу орындары да зайырлы. Сіздің қойған сауалдарыңызға жауап та соған байланысты болмақ. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, «жоқ» деп жауап қайтарамыз. Бізде мектеп формасына қойылатын талап пен жалпы ережелер бар», - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары