$ 495.2  522.34  4.94

«Тамақтан шаш пен тарақан шыққан»: Астаналық ата-аналар мектептің асханасына шағымданды

Екі жыл бойы менің баламда ішек жолдарының дискинезия деген диагноз койылды.

Астанадағы Халықаралық мектепте балалар тамағынан шаш пен тарақан шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Оны оқушылар суретке түсіріп алған. Мектеп жекеменшік болғаннан кейін білім алушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етпейді. Ата-аналар ас үшін жылына жарты миллион теңге төлейді. Сөйте тұра, сапасыз тамақ береді деп ашуланады.

"Тамақтың ішінде ашып кеткен, бүлініп кеткен тамақтар беріледі. Балалар 90 процент тамақтардың барлығын лақтырады. Және күні кеше жәндік тауып алдық тамақтың ішінде. Менің балам екінші жыл оқып жатыр. Екі жыл бойы менің баламда ішек жолдарының дискинезия деген диагноз койылды", - дейді ата-ана Әсел Әкімова.

Мектеп басшылығы бұған жауап беруден бас тартты. Алдымен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі, соның нәтижесі шыққан соң ғана мәселенің мән-жайы белгілі болады деді.

"Біз санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін құжат тапсырдық. Олар мектеп асханасын, тамаққа жауапты компанияның жұмысын тексереді. Жауап шыққаннан кейін ғана, нақты ақпарат айтамыз. Оған дейін ешқандай жауап бере алмаймыз", - дейді Астана қаласы Халқаралық мектеп директоры Ғабит Қуаныш.

Ал асханаға жауапты мердігер компания ата-аналардың шағымымен келіспейді.
"Тарақан деген жоқ, ол дұрыс мәлімет емес. Ол суреттегі тамақта тұрған шаш, булочканың үстіндегі, біз ондай тамақ берген емеспіз. Ондай болған жоқ. Тамақтың дәмділігі жайлы, тамақты мұздай береді деген жайлы айтарым, тамақтың дәмі өте дұрыс. Себебі медблокта үш кісі отыр. Олар таңғы ас, түскі ас, түстен кейінгі астың дәмін көреді", - дейді компания директоры Хадиша Асабаева. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары