$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуінен қашқан әйелді құтқарып қалған сарбаз желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары жас жігіттің ерлігіне тәнті болған.

TikTok әлеуметтік желісінде Петропавлда түсірілген әлеуметтік эксперимент кеңінен тарады. Онда күйеуі әйелінің соңынан қуып, оған қол көтергісі келетінін көруге болады. Бейнежазба авторының айтуынша, ол осы оқиға арқылы кімдердің әйелге көмекке келетінін көргісі келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер бейне экспериментін TikTok желісіндегі парақшаға жүктеген. Онда жас жігітке бойжеткеннің келіп: "Көмектесіңіз, мені ұрып-соғып жатыр" деп айтқанын көруге болады.

Жас жігіт әйел адаммен бәрі дұрыс екенін анықтағысы келген. Кейін күйеуінің дөрекі сөйлегенін көріп, оны одан арашалап қалуға тырысады. Ал видео соңында сарбаз камераны байқап қалып, оның әлеуметтік эксперимент екенін біледі.

"Жарайсың, сен мықтысың. Ешкім көмектеседі. Білесің бе, 10 адам жанымыздан өте шықты", - деді күйеудің рөлін сомдаған ер адам. Желі қолданушылары жас жігіттің ерлігіне тәнті болған.

"Ата-анаңа мың алғыс, нағыз еркекті тәрбиелеген екен", "Нағыз ер адам осындай болады, ата-анаң сенімен мақтанса болады", "Өзі жап-жас болса да, жүрегі батыр екен", - деп жазды олар.

Бейнежазба 3,5 млн қаралым жинап, 240 мыңнан астам лүпіл алған. Ал бейнежазбадағы жас жігіт Ұлттық гвардия академиясының курсанты Санжар Ақанұлы болған. Белгілі болғандай, сарбаз қаладағы колхоз базары ауданына қарай бара жатқан. Осы сәтте курсант аталған оқиғаны көрген.

"Маған қыз бала келіп: "Көмектесіңіз! Ол мені ұрып-соғып жатыр" деді. Ұлттық гвардияның әскери қызметкері бола тұра мен бұл оқиғаға бей-жай қарай алмадым. Мен бойжеткенге араша түсіп, оны қорғауға тырыстым", - дейді жас сарбаз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары