$ 494.87  520.65  4.91

Науқас қайын атасы мен қайын ағасына қарап отырған келінге жұрт тәнті болды (ВИДЕО)

10 балалы отбасыға келін боп түскен келіншектің төрт жылдан бері қайын атасы төсек тартып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырған жас келінге жұрт тәнті болды. Көпбалалы отбасыға келін боп түскен келіншек науқас қайын атасы мен қайын ағасына ерекше қамқорлығын көрсетіп жүр, деп хабарлайды Экспресс К сайты.

Әйгерім есімді әйел — үш қыздың анасы. Алладан ұл тілеп жүрген ол әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы. Оқырмандарымен үнемі кері байланыс орнатып отыратын келіншек бұл жолы оқырмандарына келіндік міндет пен блогерлікті қалай қатар алып жүруге болады деген сауалына жауап берді. Бұл туралы ол арнайы видео түсіріп, оны ТікТок парақшасында жариялады.

10 балалы отбасыға келін боп түскен келіншектің төрт жылдан бері қайын атасы төсек тартып жатыр.

"Қайын атама күнде таңертең бөлмесіне кіріп, сәлем саламын. Орнынан тұрғызып, шай-тамағын беремін. Екі рет инсульт алған кезінде жүріп-тұруы жақсы еді. Төртінші рет инсульт алғанда төсек тартып жатып қалды. Қаншама ем, массаж алды. Бірақ көмектеспеді", — дейді ол.

Жас келін бұдан өзге денсаулығында кінәраты бар қайын ағасына да қамқорлық танытып келеді. Оның айтуынша, блогерлік жолға бет бұрарда алғашында туыстары мен күйеуі қарсы болған. Бірақ кейін үйдің шаруасын тиянақты атқарып, бәріне үлгеріп жүрген келіншектің талпынысын жақындары бағалап, бүгінде қолдау көрсетіп келеді екен.

"Қара шаңыраққа ие боп біз қалдық. Аллаға шүкір, үлкен үй болғандықтан қонақтар, келім-кетім көп болады. Шамам келгенше осылай шапқылап, қонақтарды күтіп, шығарып салып жүремін. Туыстарым сендей келініміздің барына шүкір деп мақтанып отырады", — деді ол.

Видеоны көрген желі қолданушылары қара шаңырақта қалған келінге риза болып, ізгі тілектерін жаудырды.

"Көп жасап, ұл табыңыз", "Сізге Алла ұзақ өмір берсін", "Сіздей келіндер көп болсын", "Жарайсыз", "Алла разы болсын, қыздарыңыздың қызығын көріп, ұлды болыңыз", "Бақытты бол", "Ата-анаңыз керемет тәрбие берген екен. Бұндай келін болу әркімнің қолынан келе бермейді", "Үлкен кісіні бағу оңай емес, Алла бақты мың еселеп берсін", "Осындай келіндерден қалай айналмайсың? Қошқардай ұл табуыңды Алла нәсіп етсін" деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары