$ 444.32  473.33  4.76

«Ең бейбіт жыл»: Қоян жылына болжамдар жасалды

Сіздің қаржылық қажеттіліктеріңіз айтарлықтай өсуі мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Қытай жаңа жылы 22 қаңтардан басталады. Ал шығыс жұлдыз жорамалының болжамдарына сәйкес биыл алдыңғы жылдағыдай аласапыран болмайтынын көрсетеді.  Шығыс күнтізбесі бойынша ең бастысы жаңа жылдың иесі Қоян екенін білу маңызды. Қоян өзге жыл қожайындарының ішіндегі ең бейбіт жылдардың бірі болып саналады. Ол отбасы мен жайлылықты бәрінен де жоғары бағалайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жылдың басым энергиясы әйелдік инь энергиясы болмақ. Сол себептен 2023 жыл бұрынғыдай дүрбелең болмайды деп үміттенуге мүмкіндік береді. Жаңа жыл қытай күнтізбесі бойынша 22 қаңтарда келеді. Алайда еуропалық дәстүр бойынша тойлауға да тыйым салынбаған. Мереке үшін көк, күлгін, жасыл, аквамарин және қара түстер қолайлы деп танылды. 
Қоян жылы тышқандар үшін…
Тышқандар сонымен қатар мысық ретінде де саналатынын ұмытпаған жөн. Бұл тұрғыда оның қарым-қатынасы түсінікті және оны өте жайлы деп айта алмаймыз. Дегенмен оның бойында қатыгездік жоқ. Керісінше, ол сізбен мысық пен тышқан ойнағанды жөн көруі мүмкін. Сол себептен сізге ең үлкен мүмкіндік болатын, әдеттен тыс әрекеттер мен стандартты емес шешімдер жаңа жылда сәттілік әкелуі мүмкін. Тышқан жылындағылар 2023 жылы тәуекелге рұқсат етілген тіпті тәуекел қажет болатын бірқатар белгілердің бірі. Тәуекелге бел буып жасалған жолмен жүру сізге ештеңе жоғалтпай позицияңызды сақтауға мүмкіндік беріп, өсуге итермелейді. Дегенмен, бұл бизнес пен мансапқа қатысты, жеке қарым-қатынас пен денсаулық мәселелерінде консерватизм ең жақсы стратегия болады. Бұл жылы сізге жаман әдеттерден үзілді-кесілді бас тарту керек. Себебі тышқан, әдетте, салауатты өмір салтының үлкен жанкүйері және бәріне соны тілейді.
Сиыр жылындағылар үшін…
Сіздің белгіңізге тән күш пен қыңырлық қоянның ең құрметті қасиеттерінің қатарына жатпайды. Бұл сізге икемді болу керек және жаңа тәсілдерді іздеу керек дегенді білдіреді. Сіз мәселені бұзып өтуге емес, оны шешу жолдарын іздеуге тырысыңыз. Жаңа жылда егер алдыңғы нұсқалар сізге даму мүмкіндігін қалдырмаса жұмыстың немесе тұрғылықты жердің өзгеруі әбден мүмкін. Тағы бір маңызды мәселе - жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек. Сіз жұмысты аяқтамайынша тыныштанбау қабілетімен ерекшеленесіз. Ал мансапқа келетін болсақ, оған уақытты көп бөлу қоян жылындағы жеке қарым-қатынасқа зиян тигізуі мүмкін. Жақындарыңыз сіздің назарыңыз оларға бөлінетінін сезінуі керек. Егер сіз өзіңіздің жеке өміріңізге мұқият қарасаңыз, онда отбасылылар тұрақтылық пен келісімді күтеді. Ал жалғызбастылар сыңарын іздеуді жалғастырады. 
Барыстар үшін…
Тышқанның бір жағынан мысық ретінде саналатыны секілді мысық пен барыст та бір-біріне жақын туыстар. Толығырақ айтсақ, барыстар үшін жыл өте табысты болуы керек. Ең алдымен ол жеке өмірінде оң өзгерістерге толы болмақ. Әлі шаңырақ көтермегендердің жолы болады. Айтпақшы, сіздің таңдауыңыз бұрыннан таныс адамға, мысалы, мектептегі махаббатқа немесе ұзақ уақыт бойы тек дос ретінде қабылдаған адамға түсуі әбден мүмкін. Егер қарым-қатынаста сіздің тек көңіліңіз қалдып жүрген болса, онда қоян жылы оны тоқтатудың ең жақсы уақыты. Мансап тұрғысынан алғанда, жыл сөзсіз табысты болмақ. Сіздің қаржылық қажеттіліктеріңіз айтарлықтай өсуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Өскен табыс барлық қажеттіліктерді толығымен өтей алмауы да мүмкін. Сондықтан жаңа жылда қосымша табыс табудың көптеген мүмкіндіктері келеді. Оларды жіберіп алмаңыз.
Қояндар үшін…
Өткен бірнеше жыл сіз үшін тым жеңіл болған жоқ. Ал қазір кез келген жағдайда үлкен жеңістерге жетудің сәті туып тұр. 2023 жылы жұмыста бастықтармен және әріптестермен тамаша қарым-қатынас пен сіздің бастамаларыңызға үлкен қолдаулармен болмақ. Қаржылық тұрғыдан, сізге енді қайтарылмайды, жоғалды деген ескі қарыздар мен қаражаттың кері келуі мүмкін. Бұл сізді қуантып қана қоймай, ақшаны тиімдірек пайдалануды үйретеді. Ал махаббатта жылдың бірінші тоқсаны көптеген жағымды оқиғалар мен әсерлер әкелуі керек. Денсаулық бойынша өзіңізге физикалық немесе психологиялық тұрғыдан шамадан тыс жүк артпаңыз. 
Ұлу үшін..
Жаңа жылда негізінен өз күшіңізге сенуге тура келеді. Бірақ бұл жаман емес. Бұл жыл мансаптық өсу мен беделіңіз бен әлеуметтік мәртебеңіздің жоғарылауымен есте қалуы мүмкін. Мұның бәрі кірістің бірдей айтарлықтай өсуімен бірге болмақ. Дегенмен сіздің өскен кірісті ақылмен басқара алмайтыныңызды ұмытпаңыз. Қалай болғанда да, қоян жылындағы қаржылық келеңсіздіктер жоққа шығарылмайды, абай болыңыз. Романтикалық қарым-қатынастар ұлулар отбасына көптеген бақытты сәттерді әкеледі. Оларда шағымданатын ештеңе жоқ. Бірақ жаңа қарым-қатынастар күшті сынақтан өтуі мүмкін. Бұл сынақтан шын мәнінде маңызды қарым-қатынастар ғана өтеді.
Жыландар үшін...
Қоян мен жыланның қарым-қатынасын тату деп атай алмаймыз. Дауылды жылға дайындалу керек. Бірақ дауылды деуіміз жаман дегенді білдірмейді. Сәтсіздіктерді болдырмай, қолайлы мүмкіндіктерді барынша пайдалану сіздің қолыңызда. Бұл даналықты қажет етеді. Ал жыланда көбіне бұл қасиет жетіспей жатады. Қарқынды бәсекелестік, тіпті сіз қолдау күткен адамдар да жұмыста қиындықтар тудыруы мүмкін. Ашық қақтығысқа араласпаңыз, қарсыластардың қателесуін күтіңіз. Бұл міндетті түрде болады, және сіз өзіңізді ең тиімді жағдайда көрсетесіз. Бұдан кейін, басқаларға бастаманы қолға алуға мүмкіндік бермей, барынша жігерлі әрекет етіңіз. Несие, қарыз алмау өте маңызды және оңай болмаса да, барлық бар қарыздарды өтеген жөн. Сүйіспеншілікте жыл екінші жартысын іздейтіндер үшін оқиғаларға толы және жарқын болады. Оны тапқандар қарым-қатынастағы тұрақтылықты сақтау үшін көп күш салуы керек.
Мешіндер үшін...
Мешіндерге қояндардың байыптылығы жетіспейді. Жыл табысты болуы үшін байыптылық көрсетуге тырысыңыз. Бұл ең алдымен денсаулық пен қаржыға тікелей қатысты. Тіпті ең кішкентай ауруларды да елемеуге болмайды. Кез келген ойланбаған шығындар сіздің бюджетіңізді нөлге түсіреді. Кейін оны түзету өте қиын болады. Жұмысыңыз сіздің таланттарыңыз бен дағдыларыңызға толық сәйкес келуі керек. Егер сәйкес келмесе, оны өзгертуден қорықпаңыз. Қоян жылы жаңасын табуға жол ашылмақ. Махаббат мәселелерінде қоян сізге қолайлы болады. Жаңа қарым-қатынастар, көптеген бақытты сәттерді береді. Алайда неке құруға асықпау керек.
Тауықтар үшін...
Шамадан тыс жүктемеге дайын болыңыз. Қоян сізге көп жанашырлық танытпайды және жыл бойы сіз ауыр қысым сезінесіз. Қаржы мен мансап саласында, мысалы, қол жеткізген нәрсені қалай сақтап қалу керектігіне назар аудара отырып, жаңа биіктерді бағындыру туралы әзірге ойланбаған дұрыс. Жыл жұмыс орнын ауыстыруға қолайлы емес. Дегенмен, сіз өзіңіздің қазіргі лауазымыңызда табысқа жетуіңіз мүмкін, әсіресе әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартсаңыз. Тәуекелді инвестициялар мен жыл бойы ірі сатып алулар да құпталмайды. Қоян жылындағы тамаша сәттер ерлі-зайыптылар немесе романтикалық серіктестермен қарым-қатынас болады. Оларға көбірек көңіл бөліп, мүмкіндігінше бірге уақыт өткізу керек. Айтпақшы, отбасылық бизнесті бастау - жұмыс орнын ауыстырудың сирек нұсқаларының бірі. Бұл тұрғыда табысқа жету мүмкіндігі бар. Тағы бір жақсы жаңалық бұл жылы денсаулығыңыз айтарлықтай мазаңызды алмайды.
Жылқы үшін...
Қоян сіздің алысқа шабуыңызды алыстан бақылайды. Қимылдарыңыздың сұлулығы мен әсемдігі оны таң қалдырмақ. Мүмкін сіз мақсатқа асыққанда ол сізге жанашырлық танытатын шығар. Ең бастысы, жыл бойына биік мақсаттарға ұмтылу керек, тек осы жағдайда ғана жыл жақсы болады. Жоғары көтерілу үшін емес, бар күш-жігеріңізді сізді шынымен қызықтыратын жұмысқа жұмсау керек. "Уақыт келді" деп отбасын құруға асықпаңыз. Шынымен бақытты болатын бір адамды іздеңіз. Қазіргі уақытта емес, өмірлік ауқымда маңызды нәрсеге қол жеткізіңіз. Бір қызығы, мұндай мақсаттар сізге кейбір уақытша мақсаттарға қарағанда оңайырақ бағынады. Жыл бойы созылмалы аурулардың өршу қаупі мен жарақат алу қаупі болғандықтан денсаулығыңызды қадағалаңыз.
Ит үшін...
Қоян сізге өте риза. Ең алдымен, бұл жыл иесі үшін ең маңыздысы –  махаббат. Ол үшін өзіңізбен жұмыс істеуге тура келеді. Бірге өмір сүру күнделікті өмірге айналмауы тиіс. Сіз өзіңіздің серіктестеріңізді ғана емес, өзіңізді де шын жүректен жақсы көруіңіз керек. Жұмыста тәуекелге барудан және тәжірибе жасаудан қорықпаңыз, жаңа жолдар сізді табысқа жетелейді. Рас, сіздің барлық эксперименттеріңіз билікке ұнамайды. Бірақ түпкілікті нәтиже бәрін өз орнына қояды. Қаржылық жағынан да жыл жақсы, бірақ бұл жерде тек тәуекелдер қабылданбайды, консервативті болыңыз.
Қойлар үшін...
Шығыс дәстүрі бойынша, қоянның ең таңдаулы серіктестерінің тізімінде бірінші - сіздің белгіңіз. Бірақ бұл бүкіл жыл сіз үшін бал айы сияқты болады деген сөз емес. Жаңа жылда серігіңізге көбірек еркіндік қажет болады. Тіпті ең сүйікті адамдармен де көп уақыт өткізу шаршау сезімін тудыруы мүмкін. Бір-біріңізді қолдаңыз, бірақ бір-біріңізге сеніңіз және ешбір жағдайда серіктесіңіздің әрбір қадамын бақылауға тырыспаңыз. Жұмыста және мансапта сізді өсу кезеңі күтіп тұр. Сіздің дарындарыңыз бен бизнеске шығармашылық көзқарасыңызды әріптестер мен басшылар бағалайды. Табыстың өсуі де көп күттірмейді, бірақ ол қажетсіз шығындарды тудыруы мүмкін, оны мұқият қабылдау керек.
Доңыздар үшін...
Қоян сізді қолдауға тырысады. Мансаптық мәселелерде бұл сізді бағалайтын, жақсы көретін және жұмысыңыз үшін лайықты түрде марапатталатын ұжымдағы тамаша қарым-қатынастың көрінісі болмақ. Жұмыс орнын ауыстыру қажет емес. Егер сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді жүргізіп жатсаңыз, онда іскер серіктестерге емес, өз күшіңізге және қаражатыңызға ғана сеніңіз. Сырттағы серіктестер сізді ренжітуі мүмкін. Қаржылық жағдай тұрақты болып қалмақ. Егер сіз қосымша табыс көздерін таппасаңыз, әнді заттарды сатып алудан бас тартқан дұрыс. Ақырында, романтикалық өмір сіздің белгіңіздің отбасы өкілдері үшін де, әлі тұрақты қарым-қатынаста емес адамдар үшін де жақсы жолмен дамиды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары