$ 489.06  536.21  5.05

«Полицейлермен әмпәй-жәмпәй болып жүр ме?»: Талдықорғанда қызды жабылып ұрғандардың бірі видео жариялады

Видео архивтерінде тек полицейлермен жүретіндері көрініп тұр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда қызды жабылып ұрғандардың бірі жаға ұстатарлық пікір берді. Бұл видеоны журналист Самал Қабышева Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Полиция бізді қорғайды ма, қорлайды ма?! Бұл не сұмдық. Бұған дейін үш қыздың жалғызды жабылып ұрған жауыздығын жарияладым. Енді мына бетпақтардың жауабын қараңыздар. Видео архивтерінде тек полицейлермен жүретіндері көрініп тұр. Сонда полицейлер тәртіпке шақырудың орнына мына шөткі бастармен әмпәй-жәмпәй болып жүр ме?!

Ішкі істер министрі. Бұл не жағдай? Дереу шара қолданыңыздар», - деп жазды Самал Кабышева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары