Екі апта бұрын Еуразия арнасының «Айна» бағдарламасынан жарқ ете қалған Бақыт Рашидқызының қуанышы көпке созылмады. Емші елордалық тұрғынның омырқасындағы кінәратты жойып, 8 минутта аяғына тұрғызды деген ақпараттың жалған екенін науқас растады. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
1 сеансының құны 400 мың теңгелік ем алған Бақыт ешқандай өзгеріс жоқ екенін мәлімдеді. Есесіне ауруы бұрынғыдан да күшейе түскен. Оның айтуы бойынша, түсірілім барысында аяққа тұрғанымен, жүре алмаған. Сондағылар қинап жүргізген көрінеді.
«8 минутта аяғына тұрды» деген астаналық науқас әйелдің ауруынан айыққаны өтірік болып шықты (видео)
«Алғашқы күні сүйектерімді орнына салып жатыр екен деп қатты қуанып едім. 6 сеанс алдым. 2-3-сеанста обострение берді. Қазіргі таңда әлі ауруым жазылған жоқ. Жақында ота жасатуға кетемін. Ағаның қолында емі бар. Бірақ маған әсер етпеді. Жазылмағанымды канал тілшілері айтқызбай отыр. Бұл 3 минуттық шоу. Өзім түсірілім біткен соң білдім. Мен жазылған жоқпын, әлі инвалид арбада отырамын. Жарнама үшін халықты алдап, қиянат жасағым келмейді», — дейді науқас.