$ 498.34  519.72  4.85

Radiotochka.kz порталының бас редакторы Қазақстаннан кетіп қалды

Бұл туралы порталдың бас редакторы Бекжан Ыдырысовтың өзі Facebook-парақшасында мәлімдеген. Айтуынша, оған жалған куәлік берді деген айып тағылуы мүмкін. Күдіктілер қатарына қосылмау үшін ол щетел асып кеткен деп жазады Informburo.kz.

"Мен Қазақстаннан кетіп қалдым. Мәңгілікке деп үміттенемін. Мен бұл шешімді тез әрі аяқасты қабылдадым", - деп басталады Б.Ыдырысовтың ұзын-сонар жазбасы.

Оның айтуынша, Radiotochka.kz порталының иесі - үстінен бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған танымал журналист Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша таяқтың бір ұшы оған да тиіп кетуі мүмкін көрінеді.

"Маған тергеушілер талап қойды: мен Бигелді Ғабдуллинге қарсы куәлік беруім керек немесе онымен бірге түрмеге қамаламын. Тіпті, Астанада өткен екінші тергеуден кейін маған мұны жай ғана ескерткен жоқ, жалған куәлік берді деген айып тағып, соттап жіберетіндерін айтты", - дейді Б.Ыдырысов.

Оның елден кетуден басқа амалы қалмапты.

Естеріңізге салайық, танымал журналист Бигелді Ғабдуллин биыл қараша айының ортасында ұсталған болатын. Оған жоғары шенді мемқызметкерлерді бопсалап, ақша алды деген айып тағылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары