Оқиғалар 13.03.2023 сағат 16:00

Көршісін баласымен бірге өртеп жіберген Рудный тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Зардап шеккен 4 жасар бала жансақтау бөлімінде 20 күн жатып, оған 10 рет тері пластикасы бойынша ота жасалған.
Көршісін баласымен бірге өртеп жіберген Рудный тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті
Фото: Pixabay
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға былтыр 16 наурызда болған. Рудныйда 44 жастағы Миллер Геннадий көршісіне керосин құйып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қылмыс жанжалдан туындаған. Өртенген әйелдің қолында 4 жасар баласы болған. Салдарынан бүлдіршіннің денесінің 40% - дан астамы күйсе, ал анасының қолдары күйген, деп хабарлайды "ТоболИнфо" ақпарат агенттігі. Қылмыстық іске бір жылдан соң нүкте қойылды.

Қостанай облыстық соты Геннадий Миллердің психологиялық ауытқуы бар деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ол арнайы медициналық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

"Сотталушыға қатысты бес медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде созылмалы психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайтыны белгілі болды. Миллер арнайы есепте тұрған. Жәбірленушінің моральдық залалды өтеуге 2,5 млн теңге көлемінде азаматтық талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді судья Алтынай Сағындықова.

Моральдық шығынды Геннадий Миллердің жұбайы төлейді. Ал зардап шеккен 4 жасар бала жансақтау бөлімінде 20 күн жатып, 10 рет тері пластикасы бойынша ота жасалған.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар