$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда бір түнде үш адамның мәйіті табылды

Жалпы алаңы 40 шаршы метрде жиһаз және тұрмыстық заттар толығымен жанып кетті.
Фото: pavlodarnews.kz
Фото: pavlodarnews.kz

Бүгін, яғни 18 наурызда сағат 03:51-де Павлодар ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы белгілі болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жеке тұрғын үй аумағында көлікжайға бекітілген бір бөлмелі газблокты ғимараттың ағаш шатыры опырылып, жалпы алаңы 40 шаршы метрде жиһаз және тұрмыстық заттар толығымен жанып кетті.

«Өртті сөндіру барысында ғимараттың терезесінің жанынан екі күйген мәйіт табылды. Олардың деректері анықталуда. Ғимараттан 50 литрлік газ баллоны шығарылды. Өрт сағат 04:36-да оқшауланып, 05:10-да жойылды.  Себептері мен шығыны анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Осы түні сағат 04:09-да Павлодар қаласында Генерал Дүйсенов көшесі, 304 мекенжайында құрылыс тіркемесі өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты жалмады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жанып кеткен мәйітті тапты, деректер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Өрт сағат 04:38-де жойылды. Өрттің шығу себеді мен залалы анықталып жатыр.

Осы оқиғаға байланысты Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Павлодар #өрт