$ 495.2  522.34  4.94

Арыс өзеніне 4 жасар қыз ағып кетті

Өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлап кеткен.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.

"17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туысқан қыздар Еңбек ауылының маңындағы Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлап кеткен. Сөйтіп судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", –  делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс #өзен