$ 494.87  520.65  4.91

Астанада қосалқы стансалардың бірінде өрт болып, жарты аудан жарықсыз қалды

Технологиялық ақаудың себептері анықталып жатыр. Электр энергиясын беру шектелген 23 тұрғын үй кешені бар.
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Бүгін таңертең Астанадағы қосалқы стансалардың бірінде өрт болып, салдарынан 23 тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, бүгін сағат 8.20-да қуаты 110/10 кВ болатын «Заречная» қосалқы стансасында секцияны ажыратқыш ұяшықтар өртеніп, салдарынан №1 және №2 қуаттық трансформаторлар апаттық жағдайда тоқтатылған.

«Сағат 8.40-та қосалқы стансаға өрт сөндіруші топ келіп, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Сағат 9.40-та өрт ауыздықталды.

Технологиялық ақаудың себептері анықталып жатыр. Апаттан кейін қалпына келтіру бригадалары өртенген қондырғыларды ауыстырып, сынақтан өткізеді.

Электр энергиясын беру шектелген 23 тұрғын үй кешені бар (А.Байтұрсынұлы, Б.Момышұлы, Керей-Жәнібек хандар, Ә.Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік ел, Телман кенті)», - деп жазылған ресми мәліметте.

Әкімдіктегілердің хабарлауынша, үйлерге жарық электр қуатын беру өртенген қондырғылар тлоық тексеруден өтіп болғаннан кейін беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары