$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)

Кадрлардан автобустың артқы жағы қозғалтқыш бөлігімен бірге жанып кеткені көрінеді.

Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен бейнежазбаларды редакцияның Telegram ботына жолдаған оқырмандар, 4 сәуірге қараған түні "Жетісу" базарының маңында автобус өртенгенін жазған.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші салонды тазалау үшін тоқтаған, сол кезде автобус өртеніп кеткен. Кадрлардан автобустың артқы жағы қозғалтқыш бөлігімен бірге жанып кеткені көрінеді.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 3 сәуірде сағат 23:10-да "Қайрат" шағын ауданында 2018 жылғы "Лиаз-529265" маркалы 125 бағыттағы автобустың өртеніп кеткенін растады.

Айта кетейік, автобус "Алматыэлектротранс" коммуналдық паркіне тиесілі. Автотұрақтағы өрттің шығу себебі хабарланбады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары