$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Оқиғалар 05.04.2023 сағат 16:20

Көкшетауда кран құлап, 28 жастағы қала тұрғыны мерт болды

Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды.
Көкшетауда кран құлап, 28 жастағы қала тұрғыны мерт болды
Фото: pixabay

Көкшетауда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

"5 сәуір сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар