Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 20 мамыр күні кешкі сағат 18:30 шамасында "Alma City" шағын ауданында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Daewoo" маркалы көліктің жүргізушісі ішкі ауламен батыс бағытта келе жатып, 7 жасар баланы қағып кетті. Ол дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. ЖКО дерегін Наурызбай аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр",- деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен.