$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 6 жасар бала сегізінші қабаттан құлап, көз жұмды

2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодарда 6 жастағы бүлдіршін 8-қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 21 мамыр күні Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне қоңырау сағат 20.16-да түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті.  Сегізінші қабаттан сәбидің құлап кеткені анықталды», – деді басқармада.

Белгілі болғандай, 2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары