$ 439.43  473.31  4.82

FlyArystan ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

Рейстің жолаушыларына тиісті жағдайлар жасалады.
Фото: FlyArystan
Фото: FlyArystan

Астана-Ақтау бағыты бойынша 29 сәуір күні сағат 00:45-те рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«КС7375 рейсінің уақыты Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша 29.05.23 сағат 10:00 ұшуға жоспарланған. Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі», - делінген хабарламада.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша рейстің жолаушыларына тиісті жағдайлар жасалады.

«Біз ауа-райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейстерді уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз», - деп сендірді компанияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #ұшақ