$ 498.34  519.72  4.85

Риддерде екі жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Бала санаулы ғана сәтке ересектердің қарауынсыз болған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Риддер қаласында көппәтерлі үйдің үшінші қабатынынан екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жазатайым оқиға сағат 12:00 шамасында Абай даңғылында болған.

«Екі жасар бала бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлады. Бала санаулы ғана сәтке ересектердің қарауынсыз болған.  Бүлдіршін түрлі жарақаттармен Риддер қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташау ауыр», - деп хабарлады Риддер ТЖБ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары