$ 443.44  480.51  4.88

Астанада бір адам банк бөлімшелерінің біріне басып кіріп, адамдарды кепілге алды

Банкке полицейлер тобы жедел түрде жетті, куәгерлер арнайы операцияның басталғанын айтып жатыр.
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Әлеуметтік желілерде Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшелерінің біріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белгісіз біреу банкке басып кіріп, мекеме ішіндегі тұрғандарды кепілге алғаны мәлім болды. Оқиға «Керуен» сауда орталығы маңындағы филиалда орын алған. 

Банкке полицейлер тобы жедел түрде жетті, куәгерлер арнайы операцияның басталғанын айтып жатыр.

Полиция тұрғындардың кепілге алынғанын растады.

“Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге есікті ішінен құлыптап алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полицейлер жүр, ер адаммен келіссөздер жүргізілуде”, - деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары елордалықтардан сабыр сақтап, құзырлы органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Банк #шабуыл