$ 441.66  475.14  4.86

Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт болды

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Сурет: видеодан алынды
Сурет: видеодан алынды

Алдын ала хабарламаға сәйкес, бүгін сағат 16-00 шамасында зауыттағы цехтың бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"21 маусымда сағат 16-00 шамасында Ақсу ферроқорытпа зауытында № 4 балқыту цехындағы №41 пештің жанындағы трансформатор ашық отқа оранған. Өрт кәсіпорынның авариялық-құтқару қызметінің күштерімен және Ақсу қаласының өрт сөндіру бөлімімен оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы ТЖД басшылығымен штаб құрылды", делінген зауыттың Instagram-дағы парақшасында. 

Тексеру басталды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары