Атыраудағы жекеменшік балабақшада үш жасар қыздың саусағын әткеншек жұлып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-анасының айтуынша, баланы ауруханаға мұғалімнің өзі алып кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыздың сол қолының саусағының фалангасына зақым келген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Полицейлер ата-аналардың өтініші бойынша тергеу жұмыстарын бастады.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Балабақшаның өзінде қыз арқан әткеншекпен ойнау кезінде жарақат алғаны хабарланды.